Жамбыл облыстық сотында есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз тасымалдаған 58 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Жамбыл сотының мәліметінше, 2023 жылы сотталушы Меркі ауданы Ақжол ауылының маңында жабайы өсіп тұрған есірткіні жинап, сатқан. Ер адам 2024 жылдың сәуірінде ұсталды. Тінту жүргізу кезінде сотталушының Фольксваген Туарег жеке көлігінен және тұрғылықты жері бойынша салмағы 19,4 келіден аса гашиш пен 22 келі марихуана есірткі заттары табылды.
58 жастағы ер адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды.