Әлеуметтік желі қолданушылары Талғардағы қанды оқиғаға үн қосудың жаңа челленджін бастады. Олар марқұм Шерзат Полаттың өлімі жайлы айтпаған, оқиғаға үн қоспаған әртістердің, әншілер мен блогерлердің парақшасына бұдан былай жазылудан бас тартуда, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агеенттігі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
ЖАҢА ЧЕЛЛЕНДЖ
– Біз осылайша, қайғы келген кезде үнсіз қалатындарға қозғау салғымыз келеді. Шерзаттың ісіндей қарапайым халықтың басына күн туғанда олар көлеңкеде қалады. Иә, біз олардың ұстанымына ықпал ете алмайтын шығармыз, бірақ біз олардың парақшасынан кетсек – сол жауабымыз болмақ! Халықтың қайғысына ортақтаспайтын блогерлер бізге керегі жоқ, – дейді желі қолданушыларының бірі парақшасында.
Тик-токта дәл осы челленджді іліп әкеткендер көп. Олар жұлдыздардың бәрінің парақшасынан “отписка” жасап жатқанын әлеуметтік желіде скрин-видео арқылы көрсете бастаған. “Халыққа түк пайдасы жоқ блогерлерден отписка жасау челленджі жалғасып кетті” дейді тағы біреу парақшасында.