Іс-шараның мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру және адалдық құндылықтарын насихаттау болды.
Флешмоб барысында студенттер арнайы тақырыптық ұрандар көтеріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлік пен адалдықты қолдайтын шығармашылық қойылымдар көрсетті. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың зияны мен алдын алу жолдары туралы ақпараттық материалдар таратылды.
Бұл флешмоб студенттердің белсенді азаматтық ұстанымын арттырып, әділдік пен ашықтықтың маңыздылығын ұғындыруға ықпал етті. Жастардың бұл бастамасы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа деңгейін қалыптастыруға негіз болмақ.