Қазақстандық продюсер, актер әрі шоумен Жаһан Отарғалиев желіде сүйінші жаңалығымен бөлісті. Актер жаңа қалыңдығымен мешітте неке қию рәсімінен түсірілген видеосын жариялады, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
Актер Жаһан Отарғалиев әнші Балжан Бидашпен ажырасқан соң араға бір жарым жылға жуық уақыт салып, үшінші мәрте шаңырақ көтерді.
"Бұл – жаңа өмірдің бастамасы", - деп жазды Жаһан Отарғалиев Instagram-дағы парақшасында. Қалыңдықтың кім екені әзірге белгісіз. Бейнежазбада Жаһанның жаңа қалыңдығының бет-жүзі бүркелген.