26 қаңтарда Қарағандыдағы «Шалқыма» концерт залында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Азамат Желтырғұзов өнер көрсетеді. Музыкалық кеш сағат 17:00 басталады.
Ұлы композитор Петр Ильич Чайковскийдің шығармаларын қарағандылықтар үшін баритон Азамат Желтырғұзов орындайды. Ол Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның және К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының солисі. Соңғысында Азамат Желтырғұзов Чайковскийдің «Евгений Онегин» және «Иоланта» операларындағы партияларды тұрақты түрде орындайды.
Бұл кеште қарағандылықтар үшін танымал пианиношы Роза Шотқалиева фортепианода ойнайды. Ол да Азамат Желтырғұзов сияқты Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның әртісі. Роза Шоткалиева – республикалық және халықаралық конкурстардың жеңімпазы әрі лауреаты.
Концертке Е. Рахмадиев атындағы филармонияның солисті Фируза Рахметова мен Қ. Байжанов атындағы Қарағанды концерт бірлестігінің вокалисті Рысты Рахымжан қатысады.