VISIT QARAGANDA туристік ақпараттық орталығы Қарағанды облысында туризмді дамыту үшін кәсіпкерлік басқармасы жанынан құрылған. Мұнда өңірдің табиғи, мәдени және тарихи көрікті жерлері, сондай-ақ жергілікті операторлар ұсынатын турмаршруттар мен қызметтер туралы мәліметтер алуға болады. Демалушыларға қайда тұру, не көру, қайда бару керектігі туралы айтып береді.
Облыстың саяхат үшін тартымдылығын көрсету, жаңа бағыттар ашу үшін туристік орындардың жол көрсеткіш, карта-схемаларын әзірлеу және дайындау жоспарланған. Сапар орталығы тек келушілер үшін ғана емес, жергілікті тұрғындар үшін де қызықты болады. Сондай-ақ, туризм саласында жұмыс істейтіндерге.
Туристік ақпараттық орталық келу туризмін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға, сервисті жақсартуға, сондай-ақ кешенді туристік өнімдерді, жаңа туристік аумақтарды дамыту бағдарламалары мен тұжырымдамаларын және т. б. жасауға жәрдемдесуі тиіс.
Орталықтың директоры болып Бақтияр Бекмырзаев тағайындалды. Ол Шанхайда, Сараево, Рас-әл-Хаймада туризмді дамыту және инвесторларды тарту бойынша шетелдік тағылымдамадан өткен.
Бақтиар Бекмырзаев әр жылдары Қарағанды облысының Жастар ресурстық орталығын басқарған, Қарағанды облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ (Достық үйі) директоры болған. Осы уақытқа дейін AMANAT ARENA спорт кешенінің директоры болып жұмыс істеді.
«VISIT QARAGANDA» ТАО Қарағанды облысының Мемлекеттік және сервистік қызметтер орталығында: Тәттімбет көшесі, 709 мекенжайы бойынша орналасады.