Оңтүстік Кореяның Пусан қаласындағы әуежайда ұшуға дайындалып жатқан Air Busan әуекомпаниясының ұшағы өртеніп кетті, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Ұшақта 176 адам болған. Барлық 169 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі үрлемелі траптар арқылы дер кезінде эвакуацияланған. Өрт сөндірушілердің хабарлауынша, эвакуация кезінде үш адам жеңіл жарақаттар алған.
Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өрт ұшуға бірнеше минут қалғанда ұшақтың құйрық бөлігінде басталып, тез арада ұшақтың барлық бөлігіне тарап үлгерген. Ұшақ толығымен жанып кетті.
Еске салсақ, 2024 жылдың 29 желтоқсанында Оңтүстік Кореяның Муан әуежайында ұшақ апаты болып, 179 адам көз жұмған еді.