2004 жылы 4 ақпан күні Facebook бүкіл әлемге жаңалық болып ашылды. Сол күннен бастап адамдар желіде отыра бастады.
2003 жылдың 28 қазанында екiншi курс студенті Марк Цукерберг Facemash интернет-сайтын жасау үшін арнайы код ойлап тауып бағдарлама жазды. Ол жерде адамдардың суреттерін жүктеп, екі адамның жұптасып орналастырылған фотосуреттерiн жариялап, тартымды әрі сұлуын таңдау үшін жазылған бағдарлама енгізілді.
Осыған қол жеткізу үшін Цукерберг Гарвард университетінің компьютерлік желісінің қорғалған бөлімдерін бұзды және жеке суреттерді көшіріп алды. Сол кезде университеттің фотосуреттерi бар тiзбе және негiзгi мәлiметпен құрылған жеке альбомы болмаған екен. Жасалынып болған Facemash бағдарламасына екi сағаттың ішінде 450 адам кіріп, 22 000 фото қаралды. Бірақ Facemash сайты екі күннен кейін Гарвард әкімшілігі тарапынан түскен шағымнан кейін жабылып қалды. Цукерберг әкiмшiлiк қауiпсiздiктi, авторлық құқықты, жеке өмiрдің дербестiгiн бұзғаны үшін айыпталды.
Бұл айыптаулардан кейін Марк Цукерберг өзінің жобасына қайтып келіп, қатарластарына жеке сайт желісін ашып беріп, сол жерде адамдар өздерінің желідегі қөзқарастарын айтып қолдаған. 2004 жылы қаңтарда Марк Цукерберг жаңа сайт желісін ашу үшін басқа кодтарды ойлап табады.
2004 жылдың 4 ақпанында Цукерберг thefacebook.com мекенжайы бойынша TheFacebookты iске қосқан.
Алты күн өткеннен кейін сайт іске қосылған соң, үш гарвардтық студент — Камерон Уинклвосс, Тайлер Уинклвосс және Дивья Нарендра — Цукербергке оның оларды HarvardConnection.com әлеуметтік желісін құруға көмектесемін деп алдағанын, Марк олардың идеяларын пайдаланып, бәсекелес өнім жасағанын айтып айыптады. Олар Гарвард университетінің газеті Harvard Crimson-ға шағымданады және газет тергеу жұмыстарын бастайды. Кейінірек Цукербергке қарсы сот шағымы түскен екен.
Facebook әлеуметтік желісі бастапқыда Гарвард университетінің студенттері үшін қолжетімсіз болса да, бір айдың ішінде оған Гарвардтың жартысынан көбі тіркеледі.
Цукербергке Эдуардо Саверин (қаржы директоры), Дастин Московиц (бағдарламашы), Эндрю Макколлум (суретші) және Крис Хьюз қосылып, олар сайтты одан әрі жақсартуға көмектеседі. 2004 жылдың наурыз айында Facebook аудиториясы Стэнфорд, Колумбия университеті және Йель университетін қамтыса, кейін басқа да университеттерде қолжетімді болған екен.
Facebook.com доменін компания 200 000 долларға сатып алып, өз атауынан “The” артиклін алып тастайды. Осы сәттен бастап Facebook желісі әртүрлі өзгерістер енгізіп, дамып келе жатыр екен.