BANNER

Қарағандыда «Армысың, әз Наурыз» айтысы өтеді

Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағандылықтарды жыл сайынғы «Армысың, әз Наурыз» атты жас ақындар айтысына шақырады. Оған облыстың талантты айтыскерлері қатысады.

«Армысың, әз Наурыз» айтысы Қарағандыда Наурыз мерекесі қарсаңында дәстүрлі түрде өткізіледі. Оны Облыстық бос уақыт және халық шығармашылығы ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырады.

Биыл шығармашылық сайыста 2024 жылы өңірдің «Үздік айтыскер» атағына ие болған Нұрмұхаммед Байсүгір, Тілеген Әділ, Айтбай Жұмағұлов, Дидар Қами және Мақсат Аханов және т. б. республикалық айтыстардың қатысушылары мен жеңімпаздары өнер көрсетеді.

Айтыскерлердің сайысы Кеншілер мәдениет сарайында 17 наурызда сағат 19:30 өтеді. Кіру тегін.