BANNER

Дональд Трамп Наурыз мерекесімен құттықтады

Фото: snob.ru

АҚШ президенті Дональд Трамп Наурыз мерекесін атап өтіп жатқан әлем халқын құттықтап, көктемнің жарқын мерекесіне деген ізгі тілегін білдірді. Трамп өз құттықтауында Наурыздың парсы халқы үшін көктемнің басталуын және Жаңа жылды қарсы алуды білдіретін маңызды мейрам екенін атап өтті.

«Бұл ежелгі дәстүр өткен жылдың жетістіктерін еске алу мен келер көктемді үміт пен жаңарған рухпен қарсы алуға мүмкіндік береді. Парсы халқы өзінің бай мәдениетімен және ғылым, технология, өнер сияқты салалардағы ерекше жетістіктерімен әлемге зор үлес қосып келеді», – деді Трамп өз құттықтауында.

АҚШ президенті осы маңызды мереке кезінде барша әлем халқына бақыт, игілік пен тыныштық тілей отырып, Наурыз мейрамы әлем мәдениеттерінің бірігуіне ықпал ететінін жеткізді.

Наурыз – бұл парсы мен түркі мәдениеттеріне, сондай-ақ Еуропаның кейбір халықтарына ортақ мейрам. Көне парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» дегенді білдіретін Наурыз 2010 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының қарарымен Халықаралық Наурыз күні ретінде бекітілген.