Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің геоақпараттық жүйелері.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистикажәне арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің геоақпараттық жүйелеріИнтернет желісінде 10 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Қазақстан Республикасы аумағындағы «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» интернет-порталы Ұлт жоспарының 32-ші қадамын орындау аясындаәзірленіп, енгізілді.
Порталды құрудың негізгі мақсаты: қоғамдық қауіпсіздік деңгейінарттыру және құқық қорғау органдарының жұмысының ашықтығынқамтамасыз ету. Геоақпараттық жүйелерде қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы деректерді визуализациялау елдің өңірлеріндегі қауіпсіздік жағдайын талдауға мүмкіндік береді, сонымен қатар полиция жұмысын тиімді жоспарлауға ықпал етеді.
2015 жылы қылмыстық карта енгізілгеннен бері 10 жыл ішінде олжаңартылып, жетілдіріліп, жаңа функциялар мен деректерментолықтырылып, қылмысқа байланысты мәселелерді жақсы түсінуге жәнеоларға дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік берді. Бұл, соның ішінде, деректерді нақты уақыт режимінде көрсету арқылы қол жеткізіледі.
Картада қылмыстардың жоғары шоғырланған аймақтары, яғни «ыстықнүктелер» анықталуы құқық қорғау органдарына осы проблемалы аймақтарғакүш-жігерін шоғырландыруға көмектеседі, атап айтқанда, бұл аймақтардапатрульдеуді күшейту, қосымша бейнебақылау камераларын орнату жәнетүрлі профилактикалық іс-шараларды жүргізу.
Сонымен қатар, әртүрлі уақыт аралықтары бойынша деректердісалыстыру мүмкіндігі қабылданған шаралардың тиімділігін бағалауғакөмектеседі. Осы кезде анықталған қылмыс деңгейінің өзгеру тенденцияларықылмысқа қарсы күрес стратегиясын түзетуге бағыт береді.
Геоақпараттық жүйелер арқылы халықты өңірдегі қылмыс туралыхабардар ету қырағылықты және қауіпсіздік мәселелеріне қатысудыарттырады, тұрғын үй сатып алу, қозғалыс маршруттарын таңдау, жұмысорнын таңдау кезінде шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Белгілі біраудандағы қылмыстардың түрлері мен жиілігі туралы біле отырып, азаматтарсақтық шараларын қабылдай алады, ең болмағанда, кешкі уақытта белгілі біржерлерден аулақ болу арқылы.
Геоақпараттық жүйелердің қылмыс туралы деректерді әлеуметтік, экономикалық және мәдени факторлардың қылмыс деңгейіне әсерін зерттеуүшін пайдаланатын зерттеушілер үшін пайдасы даусыз.
Геоақпараттық жүйелер алдағы уақытта да дамып, қолдану аясынкеңейтіп, қоғамдық қауіпсіздік деңгейін нығайтуға ықпал етеді.
Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Республикасы Баспрокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алужөніндегі комитетінің Департаменті.