Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Жер асты дүмпуі 22 сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 06:30-да тіркелді.
"Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 508 шақырым жерде орналасқан", - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеген.