Әлеуметтік желіде тәртіп сақшылары үйсіздерді, оның ішінде арбаға таңылған адамдарды Алматыдан Қонаевқа апарып тастағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Үш ер адам өздерін таныстырып, полиция қызметкерлері оларды Алматының әр ауданынан алып кетіп, Қонаев қаласына апарып тастағанын айтады. Айтуларынша, олармен бірге 12-ге жуық үйсізді қала сыртына алып кеткен.
Алматы полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлады.
"Профилактикалық іс-шаралар, оның ішінде тұрғылықты жері жоқ адамдарды анықтауға бағытталған шаралар тұрақты негізде жүргізіледі. Полиция қызметкерлерінің барлық іс-әрекеттері қолданыстағы заңнама аясында болып жатыр", – делінген хабарламада.
Тұрғылықты жері жоқ адамдар бұрыннан үлкен қалаларда бар. Олар да халықтың белгілі бір кастасы.