BANNER

Димаш Құдайбергеннің қарындасына сырға салынды

Фото: yandex.kz

Димаш Құдайбергеннің отбасында қуаныш, өнер жұлдызының қарындасы Раушан Құдайбергенге сырға салынды, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы әншінің Facebook-тегі AktobeDimashDearsKz фан-парақшасында хабарланды.

"Бүгін біздің Раушан үшін ерекше күн - "Сырға салу" рәсімі өтті". Раушан, бақытты бол! Жаңа жолың ашық, шаңырағың шаттыққа толы болсын", - делінген фан-парақша ақ тілегінде.