Қарағанды орманшылығында экотуризм үшін жаңа аймақтар құрылуда: демалыс орындары жайластырылып, орман қалпына келтіріліп жатыр, сондай-ақ өртке қарсы қауіпсіздік үдетілмек. Пришахтинск орман екпелерінде рекреациялық жоба жүзеге асырылады. Қала тұрғындарының табиғатта жайлы және тегін демалуына жағдай жасалады.
– Бізде табиғатта демалу үшін жабдықталған орындар аз, – дейді Қарағанды орман шаруашылығының табиғат пайдалануды қорғау және реттеу жөніндегі директоры Мақсат Мұқанов. – Біз қала тұрғындарының орманда ыңғайлы және қауіпсіз уақыт өткізуін қалаймыз: серуендеу, пикник өткізу, саңырауқұлақ жинау, табиғаттың тепе-теңдігін бұзбай ләззат алу.
Пришахтинскідегі «Бүркіт» кафесінен бастап «Борусан Макина» компаниясының аумағына дейінгі 309 гектар алқапта орманның бір бөлігі тазартылды, күркелер, орындықтар, пикник үстелдері және демалушыларүа арналған ережелері бар ақпараттық қалқандар орнатылды. Жобаны іске асыру мерзімі – 2026 жылға дейін.
– Өткен жылы біз орманның бір бөлігін қураған ағаштардан тазарттық, – дейді Мақсат Мұқанов. – Қазір жұмысты жалғастырудамыз: 50 жылдан асқан ескі қарағаштар мен үйеңкілерді кесіп тастаймыз. Олар қазірдің өзінде құрғап, өрт қаупін тудырып, қарағайдың одан әрі өсуіне кедергі келтіруде.
Қураған ағаштарды жою – өртке қарсы қауіпсіздік мәселелерін қамтитын бірінші шара.
Бұдан басқа, бекітілген орманшы күн сайын аумақты патрульдейді, ал апта сайын рейдтік іс-шаралар өткізіледі.
Тұрғындарға орманда от жағуға тыйым салынатыны тағы да ескертіледі.
– От пен мангал – өрттің ықтимал қаупі. Шағын учаскеде от жағылған кезде жер жылынады және сәйкесінше, бірнеше метр радиуста өсіп тұрған өсімдіктің барлығы жойылып кетеді, – деп түсіндірді Қарағанды орман шаруашылығының басшысы.
Демалыс орындарын абаттандыру – бұл жұмыс бағыттарының бірі ғана.
Ең бастысы – жасыл аймақтарды қалпына келтіру. Қазір жұмыс бұрын өрт болған Кирзавод-3, 4 ауданында да жүріп жатыр. Онда екінші жыл қатарынан қарағай отырғызылады. Ал басқа учаскелерде, керісінше, ағаштар бір-біріне кедергі келтірмейтіндей сирету жүргізіледі.
Орманшылықта халықтың демалу мәдениетін тәрбиелеуге ерекше көңіл бөледі.
– Біз әрбір ағаштың жанына жәшік қоя алмаймыз. Халық барлық қоқысты өзімен бірге алып кетуді үйренуі үшін халыққа демалыс мәдениетін сіңіргіміз келеді. Табиғат – ортақ игілік, – деп қорытындылады директор.