BANNER

Тәліптер Ауғанстанда шахматқа тыйым салды

фото: BAQ.KZ

Ауғанстанда діни себептермен шахматқа тыйым салынды, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

"Ауғанстан әкімшілігі елдегі түрлі ойын-сауық пен спорт түрлеріне тосқауыл қою саясатын жалғастыра отырып, шахматқа ресми түрде тыйым салды", – деп жазылған мәліметте.

Ауғанстанның ізгілікті насихаттау және жамандықтың алдын алу министрлігі «діни мәселелерге лайықты жауаптар табылмайынша, спортқа тыйым салынады» деді.

Агенттік ойынды харам деп атап, Ауғанстан шахмат федерациясын да таратқан.