Танымал әнші Ерке Есмахан өзін “мақтаншақ” деп сөз ететін оқырмандарына арнап, жазба жариялады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Өнер иесі үнемі қымбат дүкендерде жүретінін көрсететін еді.
"Мақтаншақсың" деп жазып жатасыздар ғой маған. Ондайым бар енді, мойындаймын. Менің жүріс-тұрысым, өмірім-өнерім, іс-қимылым, киім-кешегім бәрі бір мақтанышақтыққа жататын шығар. Бірақ, ол менің күнделікті, жәй ғана қалыпты тіршілігім. Өзім де таңғаламын. Сондай жақсылықтарға мені лайықты көрген Аллаға сансыз шүкір. Сіздердің де өмірлеріңіз мақтанып жүретіндей берекеге толы болсын. Барлығын молынан нәсін етсін Алла", – деді Ерке Есмахан.