Қарағанды облысының барлық ауылдық елді мекендерінің төрттен үші дерлік интернетпен қамтамасыз етілген. Олардың көпшiлiгiнде 4G ұялы байланыс жұмыс iстейдi, кейбiреулерiнде талшықты-оптикалық желiлер салынған. Желі жоқ жерлерде қосылу кезең-кезеңмен - оның ішінде спутниктік технологиялар мен инвестициялық жобалардың көмегімен жүргізіледі.
Атқарылып жатқан жұмыстар туралы аппараттық кеңесте ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және мұрағат басқармасының басшысы Константин Ильницкий баяндады.
- 2027 жылдың соңына дейін облыста ауылдық аумақтарды қосу бойынша іс-шаралар жүзеге асырылады. Бұл талшықты-оптикалық желілерді тарту, жол бойындағы ұтқыр байланысты дамыту, 5G желісін іске қосу және спутниктік интернет. Сонымен қатар, мемлекет 97 ауылдағы үйлер мен мекемелерге байланыс тартуды субсидиялайтын болады, - деп хабарлады ол.
Екінші ірі міндет - 179 елді мекенде талшықты-оптикалық байланыс желілерін өткізу. Бұл 109 мектепті, 90 медициналық мекемені және 80-ге жуық мемлекеттік және құқық қорғау органдарын сапалы интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жұмыстардың басталуы 2025 жылдың үшінші тоқсанына, аяқталуы 2026 жылдың соңына жоспарланған.
Республикалық және облыстық автожолдардың бойында 14 антенна-діңгекті құрылыстар салынуда.
Қарағандыда 5G енгізу жалғасуда. Қазірдің өзінде 52 базалық станция орнатылған, жыл соңына дейін тағы 45 станцияны іске қосу жоспарланған. Сонымен қатар, халқы аз ауылдарды OneWeb спутниктік байланысы арқылы қосу басталды. Қазірдің өзінде 13 елді мекен қамтылды, жоба аяқталғанға дейін олардың саны 46 болады.
Балқаш маңындағы интернет байланысында проблемалар бар. Бұл мәселені шешу туризмді дамыту үшін өте маңызды.
Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев байланыс проблемасы бар жерлерде қажетті шаралар қабылдауды жандандыруды тапсырды.
- Барлық мәселені жедел шешу керек. "Қолжетімді интернет" ұлттық жобасын іске асыру бойынша бірлескен жұмысты жалғастырылуы тиіс, - деп атап өтті өңір басшысы.