BANNER

«Мәйітін ас бөлмесінен тапқан» – Ақмолада 13 жастағы мектеп оқушысы қаза тапты

Aikyn.kz

Ақмола облысы Зеренді ауданы Қызылсая ауылында қайғылы жағдай болды.

13 жастағы мектеп оқушысы қайтыс болды, – деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Aikyn.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқиға бүгін таңертең болған. Алдын ала түскен ақпараттарға сенсек, өлім себебі бензиннен улану болуы мүмкін. Ұлының мәйітін әкесі мен ағасы жазғы ас бөлмесінен тапқан. 

– Кәмелет жасына толмаған баланың өлімі Зеренді ауданында 2 шілде күні болды. Қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның себебін анықтап жатыр. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сараптама тағайындалды. Басқа ақпарат Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды, – деді Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілі. 

Қазіргі уақытта полиция тергеу жүргізіп жатыр.