Олардың ішінде екі бала бар, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Дәрігерлердің мәліметінше, барлығы дене қызуының көтерілуі, құсу, диарея, іш ауруына шағымданған. Екі адамды жансақтау бөліміне жатқызуға тура келген.
Науқастар үйіне жапон тағамдары – суши, роллдар алдырып жеген. Қазір науқастардың жағдайы жақсы. Бактериологиялық талдау жүргізіліп жатыр екен.