Оралда 8 жасар баланың денесін 95% күйік шалды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Оқиға 10 тамыз күні сағат 16:30-да Қонаев шағынауданында болған. Балалар аулада ойнап жүрген. Ал бір тұрғын көлік жөндеп жатқан. Ол жанармай құйылған канистрді қараусыз қалдырған. Оны балалар алып, тұтатып, салдарынан жарылыс болған. Сол сәтте 8 жастағы Артемнің киімі өртенген. Жансақтау бөліміне жеткізілген балаға 4-дәрежелі күйік диагнозы қойылған. Оны жасанды тыныс алу аппаратына қосқан.
Анасы Артемді жазғы демалысқа апасының үйіне жіберген. Бейнеқоңыраумен сөйлескенде бала“мені өлтірмек болды” деп бірнеше рет айтқан. Баланың ата-анасы Оралға дереу жеткен. Дегенмен араға бір апта салып, бала көз жұмған.
Марқұмның анасының сөзінше, 6 жасар бала Артемге үстіне бензин шашса, ақша беретінін айтқан. Десе де ол келіспеген. Сосын 6 жасар бала қатарласының үстіне бензин шашып, от қойған. Дегенмен полиция куәгерлерден жауап алмаған. Іс алға жылжымай жатыр дейді ата-ана.