BANNER

Елордада автобус апатқа ұшырап, 14 жолаушы зардап шекті

Видеодан скрин

 

Mercedes маркалы автобус Қабанбай батыр даңғылында бұрылыс жасау кезінде жол жиегіне шығып кеткен. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Апат салдарынан 14 жолаушы зардап шегіп, медициналық мекемелерге жеткізілді.

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, зардап шеккендердің көпшілігі жеңіл жарақат алған. Кейбірі амбулаторлық емдеуге жіберілген. Қалғандары әлі тексеріліп жатыр. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.