BANNER

Талғардағы бір көшеге Шерзат Полаттың атын беру ұсынылды

Фото: yandex.kz

Талғарда қаза тапқан Шерзат Полаттың атына көше беру ұсынылды. Бұл туралы осы отбасының адвокаты Мейірман Шекеев мәлімдеді, - деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Адвокаттың сөзінше, әкім бұл ұсынысқа қолдау білдірген.

"16 жастағы Шерзаттың қаны төгіліп, қайтыс болған жердегі көшелер Менделеев және Руставели деп аталады. Екеуі де Талғарға, тіпті Қазақстанға еңбек сіңірген қазақ тұлғалары емес. Кеңес өкіметінен қалып қалған. Сондықтан Талғар қаласының әкіміне Менделеев көшесін марқұм Шерзаттың атымен атауын ұсындым. Ол ұсынысыма мүмкіндігінше қолдау білдіретінін жеткізді", - деді адвокат.