Қарағанды облысы аумағында әкімшілік құқық бұзушылықтарды тіркеу мақсатында «Megacam.Limit-S»–120, «ARGUS-крест»–28, «ARGUS-жаяу жүргінші»–22 жалпы саны 170 бірлік түріндегі 3 түрлі аппараттық-бағдарламалық кешен (бұдан әрі – АБК) орнатылып, пайдалануға берілді.
АБК жол қозғалысы ережелерінің келесі түрдегі бұзушылықтарын тіркейді: жылдамдықты асыру, жол белгілерінің немесе жол жабындысындағы сызықтардың талаптарын сақтамау, тоқтау сызығынан өтіп кету, бағдаршамның тыйым салатын белгісіне немесе реттеушінің тыйым салатын қимылына қарамай өту, жол қозғалысы ережелеріне сәйкес жаяу жүргіншілерге немесе өзге де жол қозғалысына қатысушыларға жол бермеу.
2025 жылдың 9 айының статистикалық деректеріне сәйкес, Қарағанды облысы бойынша 196 132 құқық бұзушылық тіркелген, оның ішінде:179 968 жылдамдықты асыру, 3 939 жол белгілерінің немесе жол жабындысындағы сызықтардың талаптарын сақтамау, 6 574 бағдаршамның тыйым салатын белгісіне немесе реттеушінің тыйым салатын қимылына қарамай өту, 5 651 жаяу жүргіншілерге немесе өзге де жол қозғалысына қатысушыларға жол бермеу.
ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы
есепке алу жөніндегі Комитетінің
Қарағанды облысы бойынша Департаменті
Жол қауіпсіздігін бақылау: Қарағанды облысында 170 АБК көмегімен 196 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

.