Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар қымбаттады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,29 теңгеге қымбаттап, 549,06 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 548,79 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 548,12 теңгеден сатып алынады, 550,05 теңгеден сатылады. Еуро 640,63 – 641,10 теңге, ал рубль 6,48 – 6,61 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 76,49 теңгеден сатып алынады, 79,12 теңгеден сатылады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
- доллар 546,54 теңгеден сатып алынады, 551,52 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 639,45 теңге, сату - 647,46 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,52 теңге, сату - 6,67 теңге.
- юань: сатып алу - 76,48 теңге, сату - 80,29 теңге.
Еске салайық, 29 қыркүйек күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,34 теңгеге қымбаттап, 548,79 теңге болды.