BANNER

Ақтөбелік футболшылар 110 миллион теңгеге бәс тікті

Фото: google

Қазақстанның Бас прокуратурасы футболшылар мен бапкерлердің букмекерлік ставкалар мен келісілген матчтарға қатысқанын анықтады,  деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Бас прокурор Берік Асыловтың айтуынша, тексеру нәтижесінде «Ақтөбе» клубының 9 футболшысы еңбек шарттарында тыйым салынғанына қарамастан, жалпы сомасы 110 миллион теңгеге бәс тіккені белгілі болды.

Осыған байланысты Қазақстанның Футбол федерациясына заңбұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді. Федерация қаржылық тәртіп пен ашықтықты күшейтуге бағытталған 33 тармақтан тұратын «жол картасын» әзірледі. Бұл жоспар аясында аудит, қаржы және этика комитеттерін құру көзделген.

Сонымен қатар кадрлық шаралар қабылданды. Федерацияның бірқатар басшыларымен, соның ішінде басқарушы директор мен интегрити қызметінің басшысымен еңбек шарттары бұзылды, ал кейбір қызметкерлер қызметінде төмендетілді.