Данна Қарағұсова мінген ғарыш кемесі Техастағы Ван Хорн маңында Corn Ranch алаңынан 9:41-де ұшырылды. Ұшу шамамен 10-11 минутқа созылды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Қарағұсовадан бөлек экипаж құрамында кәсіпкер Джефф Элгин, инженер Клинт Келли III, стартаптар негізін қалаушы Аарон Ньюман, украиналық кәсіпкер Виталий Островский және аты-жөнін жарияламауды қалаған тағы бір жолаушы болды.
Бұл сапарға экипаж мүшелері 500 мың доллардай төледі. Видеодан көкке көтерілген сәттегі олардың қуанышты эмоциясын көруге болады.
Қазақстанда әйел алғаш рет ғарышқа ұшты

Stan.kz