BANNER

Қазақстан құрамасы TurkicSkills-2025 кәсіби шеберлік чемпионатында алты алтын медаль жеңіп алды

Stan.kz

Бұдан бөлек ұлттық құраманың қоржынында 2 күміс медаль және 1 "Ерекше шеберлік медальоны" бар, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

TurkicSkills-2025 чемпионаты Ақтауда өтті. Байқауға Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Венгрия, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген шамамен 70 студент пен жас маман қатысты.

Қатысушылар өздерінің шеберліктерін инженерия мен IT саласынан бастап, робототехника және қызмет көрсету бағыттарына дейінгі 10 түрлі номинацияда көрсетті.