BANNER

ForteBank – Global Finance таңдауы бойынша Қазақстанның үздік коммерциялық банкі атанды

Фото: LIFE09

18 қазанда Вашингтондағы Ұлттық баспасөз клубында Global Finance халықаралық басылымы ұйымдастырған Best Bank Awards 2025 марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Сарапшылардың бағалауы бойынша, ForteBank Қазақстанның үздік коммерциялық банкі атанды. Бұл марапат жыл сайын әлемнің жетекші банктеріне цифрлық инновациялар, клиенттерге қызмет көрсету сапасы және стратегиялық көшбасшылық бағытындағы жетістіктері үшін табысталады.

Global Finance басылымының бағалауынша, әлемдік экономикалық сын-қатерлер мен қаржы нарығының өзгерістер жағдайында ForteBank тұрақты өсім көрсетті. Сондай-ақ Қазақстан нарығындағы позициясын бекіте түсті. Forte цифрлық технологияларды дамытуға, бизнеске арналған өнімдерге белсенді инвестиция салып, тиімділік пен қауіпсіздік бойынша халықаралық стандарттарға сай шешімдер енгізіп отыр.

“Бұл мәртебелі марапат - біздің команданың жүйелі еңбегінің нәтижесі. Forte-де тек бизнес тілімен сөйлеп қана қоймай, нарықтағы үрдістер мен клиенттердің қалауына сай әрекет етуге тырысамыз. Біз болашаққа сеніммен қадам басып, жаңа мүмкіндіктер мен ауқымды мақсаттарды жүзеге асыруға дайынбыз”, - дейді ForteBank Директорлар кеңесінің төрағасы Тимур Исатаев.