BANNER

Шымкент пен Түркістан облысының тұрғындары түнде жер сілкінісін сезді

Фото: Canva.com

Қазақстандық сейсмологтар жер сілкінісін тіркеді. Түркістан облысында жерасты дүмпулері 2 балл күшінде сезілген, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.  

"Қазақстанның ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылдың 3 қарашасында Астана уақытымен 01:29-да жер сілкінісін тіркеді", – делінген хабарламада.

Эпицентр Алматыдан 1079 шақырым оңтүстік-батыста, Ауғанстан аумағында орналасқаны нақтыланды. Тереңдігі – 120 шақырым. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 14,2. MPV магнитудасы – 6,2.

Түркістан облысында жер сілкінісінің есептік қарқындылығы (баллмен):

  • Мақтаарал ауданы, Мырзакент – 2 балл,
  • Жетісай ауданы, Жетісай қаласы – 2 балл,
  • Шардара ауданы, Шардара қаласы – 2 балл.

Кейін ТЖМ Шымкентте де жерасты дүмпулері 2 балл деңгейінде сезілгенін хабарлады.

Ведомство мәліметінше, зардап шеккендер мен қирау туралы деректер түскен жоқ.