BANNER

«Сарыарқаның» сенімді жеңісі

Сурет клубтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Кеше қарағандылық «Сарыарқа» өз айдынында павлодарлық «Ертіс» командасын қабылдап, 12:0 есебімен жеңді.

Алғашқы кезеңде Санжар Түсіпбеков есепті ашып, маусымдағы алғашқы шайбасын соқты. Одан кейін Евгений Королинский есепті еселеп, командалар үзіліске тарқасты. Екінші жиырма минуттықта арқа оғландары қарсылас қақпасына жауапсыз 7 шайба салды. Шайба авторлары – Егор Кузьменко, Сергей Барбашев (04:32, 07:13), Данила Карабан, Евгений Королинский, Кирилл Пономарёв, Радель Фазлеев. Шешуші кезеңде Александр Борисевич, Данила Карабань, Артём Лихотников қарсылас қақпасын дәл көздеп, арқа жігіттері 12:0 есебімен сенімді түрде жеңіске жетті. Еске салсақ, бұл командалардың алғашқы кездесуінде де ірі есеп тіркеліп, «Сарыарқа» 10:0 нәтижесімен жеңіске жеткен болатын. Осылайша, қарағандылық жігіттер 42 ұпай жинап, турнирлік кестеде екінші орынға жайғасты. Келесі ойындар 5-6 желтоқсан күндері Ақтөбе қаласында өтеді. Қарсылас — ХК «Ақтөбе». Ойын уақыты: 5 желтоқсан — 19:00, 6 желтоқсан — 17:00.

 

Мирас СӘУЛЕХАН,

LIFE09 ақпарат агенттігі.