BANNER

Ақмола облысында 14 жастағы қызды өлтірді деген күдікті ұсталды

Фото: Life09

Ақмола облысында Целиноград ауданы Ынтымақ ауылының 14 жастағы тұрғынын өлтірді деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ер адам жасырынбақ болған, алайда жедел түрде анықталып, ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, ауыл тұрғыны пышақ жарақаттарынан көз жұмған. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сотқа дейінгі тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқаны айтылды. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.