Қазіргі қоғамда заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту мәселелері ерекше маңызды болып отыр. Әрбір азамат үшін заңның мәнін түсіну, белгіленген нормаларды құрметтеу және өз әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіну тұрақтылық пен сенімділіктің негізгі қағидалары болып саналады. Қарағанды облысының мәжбүрлеп орындау саласындағы аумақтық бөлімі күнделікті жағдайларда заңдық рәсімдерді қатаң сақтау ғана емес, сонымен бірге атқарушы процестің қатысушыларының жоғары құқықтық мәдениетін қажет ететін жағдайларға тап болады.
«Зан мен тәртіп» — бұл тек ұран емес, азаматтардың заңды құқықтарын қорғауға бағытталған әрбір шешім мен әрекеттің негізінде болуы тиіс қағида.
Бүгінгі күні қоғамның құқықтық сана-сезімін нығайту, азаматтарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, сондай-ақ сот шешімдерін орындау формальдылық емес, әділеттің маңызды элементі екенін көрсету маңызды. Мәжбүрлеп орындау қызметінің тиімді жұмысы халықтың сот жүйесіне сенімін арттырады және заңның бәріне бірдей екенін, оның орындалуы міндетті екенін түсінуге септігін тигізеді. Біз қызметкерлердің тәртібін нығайту, ашықтықты қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жұмыс жүргізуді жалғастырамыз. Әрбір атқарушы, әр маман құқық тәртібін қамтамасыз етуде өзінің рөлін түсінуі маңызды.
«Зан мен тәртіп» — бұл заңды сыйлайтын, құқықтарды қорғайтын және әділеттілік шындыққа айналған қоғамға апаратын жол. Біздің ортақ мақсатымыз — бұл қағидатты күнделікті өмірдің нормасына айналдыру.
Саттыбаева Г. Г.
Қарағанды облысы Әділет департаментінің мәжбүрлеп орындау саласындағы аумақтық бөлімінің басшысы
