Францияның "Pekin Express" телешоуы Алматы қаласын көрсетіп, халықаралық кең аудиторияға таныстырды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Қала әкімдігінің мәліметінше, "Мұзды жол" жобасының жаңа қысқы маусымы Қазақстанда түсірілген.
"Бұл маусым бірегей болды. Алғаш рет түсірілімдер толықтай бір елде және қыс мезгілінде өтті. Түсірілім тобы Алматының негізгі нысандарын аралады. Олардың қатарында Вознесенский соборы, Орталық мемлекеттік музей, Республика сарайы, Орталық парк, Астана алаңы, Амангелді Иманов сквері және Байкен мешіті бар", – делінген қала әкімдігінің хабарламасында.
Түсірілім жұмыстары өткен жылдың көктемінің басында өтті. Жобаға шамамен 70 адам қатысқан.
"Pekin Express" – Франциядағы ең танымал тележобалардың бірі. Шоудың орташа көрермендер саны эфир барысында бірнеше миллион адамды құрайды. Осындай маусымдар шыққаннан кейін Франциядан келетін туристер ағыны әдетте кемінде 15 пайызға артады.
