BANNER

Щучинскідегі әскери колледжде кадеттер арасында қызылша тарап, карантин жарияланды

Сурет: Life09

Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі baq.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Щучинск қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледжде кадеттер арасында жұқпалы ауру тіркеліп, оқу орнында карантин енгізілді. Демалыстан кейін колледжге оралған кадеттердің арасынан қызылша ауруының бірнеше дерегі анықталған.

Қазіргі таңда 66 кадет дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Олардың екеуінде ауру асқынып, медициналық көмек көрсетілуде. Дәрігерлердің мәліметінше, науқастардың жағдайы тұрақты, өмірлеріне қауіп жоқ.

Инфекцияның одан әрі таралуының алдын алу мақсатында колледж аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптар күшейтіліп, карантиндік шаралар енгізілді. Кадеттердің денсаулығы жіті бақылауға алынды.