BANNER

Қарағандыда 45-ші орам ауданында ер адамның мәйіті табылды

Фото: LIFE09

29 қаңтар күні таңертең Қарағанды қаласында Бұқар жырау даңғылы мен Ермеков көшесінің қиылысында ер адам табылды. Ол 56 жаста болған. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Алдын ала деректер бойынша, ер адамның кенеттен жағдайы нашарлап, құлап, оқиға орнында көз жұмған.

Аталған факт полицияда тіркелді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.