2026 жылғы қысқы Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров және Ұлттық Олимпиада көмитетінің төрағасы Геннадий Головкин Милан-Кортина Олимпиадасында өнер көрсеткен Софья Самоделкинаға қолдау көрсетті.
Шайдоров және Головкин жарыс алаңына арнайы барып, отандасымыздың өнерін тамашалады.
Додадан кейін Олимпиада чемпионы мен ҰОК төрағасы спортшыға гүл шоғын ұсынып, жүрек жарды лебіздерін білдірді. Сонымен қатар, олар спортшының өткен туған күніне құттықтау айтты.
Айта кетейік, Самоделкина Олимпиада ойындарында екі кезеңнің қорытындысы бойынша 207.46 ұпай жинап, жалпы есепте 10-орынға жайғасты.
