BANNER

Алматы облысында бір топ ит әйелді талап өлтіре жаздады

Фото: Life09

Алматы облысында бір топ ит әйелді талап өлтіре жаздады

 

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілер арқылы белгілі болды. Жазба авторының айтуынша, иттердің иесі бар, қаңғыбас иттер емес. Тұрғындардың сөзінше, ол үйінде 37 ит ұстайды екен.

 

Өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі 52 жастағы әйелге иттердің шабуыл жасау фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелгенін нақтылады.

 

«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

 

Сондай-ақ, оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы орган өкілдері жұмыс істеп жатқаны белгілі болды.