BANNER

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Руслан Кенжебеков интернет пайдаланушылардың сұрақтарына жауап береді

Фото: Қарағанды облысы әкімдігі сайтынан | Gov.kz

27 ақпанда сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін egov.kz порталындағы «Ашық диалог» бөлімінде Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Руслан Кенжебековтің қатысуымен интернет-конференция өтеді.

Кездесудің тақырыбы — «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер туралы».

Спикерге сұрақ қою үшін электрондық цифрлық қолтаңба қажет.