BANNER

«37-бап: Экологиялық және әлеуметтік жауапкершілікті күшейту тетігі»

Фото: Life09

«Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаевтың айтуынша, 37-бап азаматтарды табиғатты қорғауға міндеттейді. Ал 8-бапта меншік иелері өз мүлкін қоғам мүддесіне және экологиялық талаптарға сай пайдалануы тиіс екені нақты көрсетілген. Сондай-ақ табиғи ресурстардың халыққа тиесілі екені ерекше атап өтіледі.

«Бұрын экологиялық нормалар декларативті сипатта болса, енді олар нақты әрі айқын бекітілді. Қоршаған ортаны қорғау – әрбір қазақстандықтың конституциялық жауапкершілігіне айналады. Бұл мемлекеттің экологиялық және әлеуметтік жауапкершілігін институционалды тұрғыда күшейтеді», – дейді Азаматхан Әміртаев.