BANNER

Ауылдың әлеуеті артпай, мемлекет толыққанды дами алмайды - Жигули Дайрабаев

Фото: Life09

Ауылдың әлеуеті артпай, мемлекет толыққанды дами алмайды - Жигули Дайрабаев, «Ауыл» партиясы фракциясының мүшесі

«Өңірлердің рөлін арттыру, халықтың шешім қабылдау процесіне қатысуын кеңейту – маңызды бағдар. Бұл – орталық пен аймақ арасындағы үйлесімді дамудың кепілі. Біз үшін бұл мәселе ерекше маңызды. Себебі «Ауыл» партиясы қашан да ауыл халқының мүддесін қорғап келеді. Ауыл – елдің алтын бесігі ғана емес, ұлттық болмысымыздың қайнар көзі. Ауылдың әлеуеті артпай, мемлекет толыққанды дами алмайды», - дейді ол.