BANNER

Павлодар қаласында қоғамды дүр сілкіндірген ауыр қылмысқа қатысты сот үкімі шықты

Фото: Canva ИИ

41 жастағы ер адам жасөспірімге қатысты зорлық әрекетін жасағаны үшін 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Тергеу барысында оның қылмысты мас күйінде жасағаны анықталды. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сот отырысында айыпталушының кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленушінің жан-жақты айғақтарымен, куәлардың көрсетулерімен және сараптамалық қорытындылармен толық дәлелденді. Жинақталған дәлелдер іс бойынша бұлтартпас негіз болды.

Сот үкіміне сәйкес, ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Бұл оқиға кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесінің қоғам үшін аса маңызды екенін тағы бір мәрте көрсетті.