Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев елде Конституция күнін атап өту датасы қай жағдайда өзгеретінін түсіндірді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.
Жаңа Ата заң жобасында республикалық референдумда (15 наурыз) Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жариялануы мүмкін екені аталып өткен. Бұл норма жаңа Конституция жобасының 94-бабында жазылған.
- Халық Ата заңның жаңа редакциясын қолдап дауыс берсе, онда 15 наурыз Конституция күні болады. Осыдан кейін бұған дейінгі дата – 30 тамыздағы мерекенің күші жойылады. Сондықтан 15 наурыздағы халықтың шешіміне қарай келесі қадамдар жасалады, - деді Е. Сәрсембаев Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
