Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі азаматтарды елге қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі QAZAQSTAN.TV-ға сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде Қазақстан елшілігінің шұғыл әрі үйлесімді әрекеті кеңінен талқылануда. Бірқатар шетелдік азамат қазақстандық дипломаттардың ұйымдастыру деңгейіне оң пікір білдіріп, алғыс айтқан.
Министрлік мәліметінше, эвакуациялау шаралары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, азаматтарға барлық қажетті қолдау көрсетілуде.
Қазақстан дипломаттарының жедел жұмысы шетелдіктер тарапынан жоғары бағаланды
Видеодан скрин
