Ақтөбеде пауэрбанктің жарылуы салдарынан жеке тұрғын үй өртеніп кетті, деп хабарлайды life09 ақпарат агенттігі t.me/stankznews-ке сілтеме жасап.
Үй иесі Құрман Майрымбаевтың айтуынша, ұлының бөлмесінде немерелері пауэрбанкті тоққа қосып қойған. Сол сәтте құрылғы тұрған жерден өрт шығып, шкаф әп-сәтте лап еткен. Артынша үй ішін қою түтін басқан.
Өрт сөндірушілер жедел жеткенімен, баспананы сақтап қалу мүмкін болмаған.
Үй иелері тек маңызды құжаттарын алып шығуға үлгерген. Қазір өрттен кейін үй тұруға жарамсыз күйге түскен.10:21
Ақтөбеде пауэрбанк жарылып, отбасы үйсіз қалды
Фото: Gemini ИИ
