10 наурыз күні Ақтөбедегі тұрмыстық техника сататын дүкендердің бірінде менеджер келушінің күмән тудырған әрекетін байқайды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. Ер адам қатты қобалжып, телефонмен тоқтаусыз сөйлесіп тұрған.
Кейін белгілі болғандай, ол алаяқтардың ықпалына түсіп, оларға 10 млн теңге аудармақ болған. Тіпті ата-анасының тойға деп жинаған алтын әшекейлерін сатып, ақшасын беруді де ойлаған.
Осы уақытқа дейін ер адам алаяқтарға 800 мың теңге аударып үлгерген. Дүкен менеджері жағдайдың күмәнді екенін түсініп, бірден «102» нөміріне хабар берген. Соның арқасында шамамен 9,2 млн теңге сақталып қалды.
Дүкен қызметкері ақтөбелік азаматты алаяқтардың арбауынан сақтап қалды
Фото: Gemini ИИ

