Елімізде электрлі самокаттарды тіркеу және нөмірлеу енгізіледі. Жаңа талап жалға берілетін электрлі самокаттарға қатысты болады. Әрбір самокатқа бірегей тіркеу нөмірі беріледі, ал дерекқорда маркасы, моделі, шыққан жылы, сериялық нөмірі, пайдалануға берілген күні, техникалық қызметі және тіркеу нөмірі көрсетіледі. Мамандардың айтуынша, бұл өзгеріс қозғалысты бақылауды жеңілдетіп, қауіпсіздікті арттырады және прокат қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Жаңа талап 1 шілдеден күшіне енеді.
Елімізде электрлі самокаттарды тіркеу және нөмірлеу енгізіледі
Фото: ЖИ Gemini

