Шымкентте студент зорлық құрбаны болды

Фото: Life09

Шымкентте жұмыс іздеп жүрген 18 жастағы студент қыз зорлыққа ұшырап, интимдік қызмет көрсетуге мәжбүр болған. Оның айтуынша, әлеуметтік желідегі хабарландыру арқылы “боди-массаж” қызметіне шақырылып, кейін ғимараттан шыға алмай қалған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.


Жәбірленуші күштеп ұсталғанын, күзетшілердің шығуына мүмкіндік бермегенін айтады. Ал, туыстары күдіктілердің әлі жауапқа тартылмағанына наразы екенін жеткізді.

Қазіргі таңда іс Қылмыстық кодекстің 120-бабы бойынша тергеліп жатыр. Полиция тиісті сараптамалар тағайындалғанын, нәтижесіне сәйкес шешім қабылданатынын мәлімдеді.