Наурыз дәу болсын: Yandex Qazaqstan көктемдегі басты мерекенің мән-маңызын қалай жеткізді

Фото: Life09

Наурыз – жаңарудың, жақындармен қауышудың, кең дастарқан мен дарқан көңілдің мерекесі. Бұл ұзақ жол жүріп үйге оралатын, төрге жайылған дастарқан дәмге толатын, емен-жарқын сезім толқыны әдеттегіден айрықша, мол сезілетін ерекше кезең. Yandex Qazaqstan "Наурыз дәәәәәу болсын" атты мерекелік науқанында дәл осы көңіл-күйді жеткізуді мақсат етті, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Ұрандағы "дәу" сөзінің дәл осылай әдейі созылып берілуі – Наурызға тән кеңдік пен молшылықтың белгісі. Бұл мерекенің мазмұнын дыбыс пен визуал арқылы жеткізу тәсілі. Себебі Наурызда жылу да, жүздесу де, дәм де, сапар да бәрі-бәрі көбейеді, арта түседі, молаяды.

Науқан идеясы жарнама креативтерінде көрініс тапты. Күнделікті үйреншікті дүниелер "үлкейе" түсті. Мысалы, “Кинопоискты” көрсеткен экран кенет созылып кеткендей әсер қалдырады, дастарханның көлемі күрт артады, такси сапарларында лимузин жолға шығады, ал музыка бүкіл саяхатқа жететін шексіз плейлист секілді естіледі.

"Наурыз дәәәәәу болсын" ұранының орыс тілінен аударма да, дайын идеяның бейімделуі де емес, ә дегенде қазақ тілінде ойластырылып жасалған креатив тұжырымдама екенін айта кету керек. Авторлар қазақ тілін тірі, икемді дүние ретінде қабылдап, оның аясында экспрессивті тәсілдер мен жаңа формалардың қолданылуына саналы түрде жүгініп отыр.

"Наурыз дәәәәәу болсын" аясында пайдаланушылар Yandex Qazaqstan ұсынған арнайы жеңілдіктерді пайдалана алады:

  • Яндекс Тағам – тапсырыстарға 40%-ға, ал Плюс жазылушылары үшін 50%-ға дейін жеңілдік (20 наурыз – 30 сәуір)
  • Яндекс Лавка – дәстүрлі тағамдардың (бауырсақ, манты, палау) үлкен-үлкен порциялары, сондай-ақ Плюс жазылушыларына арнайы бонус: Мини 3 станциясын сатып алғанда 7000 ұпайға дейін беріледі (20-25 наурыз)
  • Яндекс Жеткізу – жаңа пайдаланушыларға DAAAU промокоды бойынша 20% (10-27 наурыз), сондай-ақ алғашқы жеткізілімге 25%-ға дейін жеңілдік (20-27 наурыз)
  • Яндекс Плюс – жаңа жазылушыларға 2000 ұпай (10-31 наурыз)
  • Яндекс Go (такси) – сапарларға 10%-ға дейін кешбэк Плюс ұпайы түрінде
  • Қалааралық – алғашқы үш сапарға 35%-ға дейін жеңілдік
  • Самокаттар – DAAAU промокодымен бір апта тегін старт (20-27 наурыз)
  • Афиша – іс-шараларға 30% кешбэк Плюс ұпайы түрінде (20-27 наурыз)
  • Жанармай – 3% кешбэк Плюс ұпайы түрінде (30 сәуірге дейін)
  • Қуат ал – алғашқы жалға алуға 50% жеңілдік
  • Автокөлік жалдау – DAAAU промокоды бойынша 10% жеңілдік
  • Алиса / Яндекс Store – yandexstore.kz сайтында DAAAU промокодымен 12% жеңілдік.

Сонымен қатар Яндекс Плюс жазылушыларына арналған жоғарырақ жеңілдіктер, қосымша бонустар және арнайы механикалар секілді жеке ұсыныстар да қарастырылған.

"Наурыз дәәәәәу болсын" науқаны мерекенің басты сезімін жеткізуге деген талпыныс. Бұл күнделікті дүниелердің өзі молаяып, үлкейіп, кеңейетін, қуаныш тудыратын сәттер көбейетін кез.