Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев азаматтарды жеке қабылдады. Бұл жолы көтерілген мәселелер ауқымы кең болды — коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту мен аулаларды абаттандырудан бастап, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жұмыспен қамту және тарихи мұраны сақтау мәселелеріне дейін қамтылды.

Михайловка тұрғыны Степная және Охотская көшелерінің басындағы электрмен жабдықтау проблемасын көтерді. Оның айтуынша, үйлер әлі күнге дейін автожөндеу зауытының трансформаторына қосылған, бұл кернеудің тұрақсыздығына және апатты өшудің жиілеуіне әкеліп отыр. Жеке трансформаторлық қосалқы станция орнату жұмыстары бірнеше жыл бұрын басталғанымен, әлі күнге дейін аяқталмаған.
Ермағанбет Бөлекпаев салалық қызметтерге жобаны өзектендіріп, жұмыстарды аяқтаудың нақты мерзімдерін айқындауды тапсырды.
Сондай-ақ, қоқыс алаңын жабдықтау мәселесі де көтерілді — тұрғындар өз аулаларын абаттандыру бағдарламасына енгізуді сұрады.

Қабылдауға дәстүрлі түрде облыстың әртүрлі өңірлерінен тұрғындар келеді. Бұл жолы Қарағанды қаласынан, Ақтоғай және Нұра аудандарынан келген өкілдер өз мәселелерін жеткізді. Өтініштердің бір бөлігі жұмыспен қамту және тұрғын үй мәселелеріне қатысты болды.

Тұрмыстық мәселелермен қатар, қоғамдық бастамалар мен тарихи мұраны сақтау тақырыптары да сөз болды. Барлық өтініштер бойынша түсіндірмелер беріліп, қосымша қарауды қажет ететін мәселелер бақылауға алынды.

Қабылдауға сондай-ақ облыстық басқармалар басшылары, мемлекеттік органдардың өкілдері, қала және аудан әкімдері қатысты. Мұндай формат проблемаларды жедел шешу үшін салалық қызметтерді шұғыл тартуға мүмкіндік береді.
Дереккөз: Gov.kz